Региональная служба
коммуникаций
Акмолинской области

Мобильная версия Версия для слабовидящих

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫНА ТЕГІН АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТЕТІН БОЛАДЫ

11.03.2019

Ақмола облысында мемлекеттік қызметші көп балалы отбасылардың балаларына тегін ағылшын тілін үйрететін болады. Ақерке Бекахметова ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылады.

«Соңғы кездері көптеген адамдар қолдауға мұқтаж адамдарға көмек қолын созуда. Біреулер пәтер сатып алып беріп жатса, басқалары балаларға сыйлықтар таратуда. Сонымен қатар, көпшілігі азық-түлікпен немесе киім-кешекпен көмектесуде. Әрбіреуі қолында барын беріп, көмектерін аяп жатқан жоқ» - дейді Ақерке Бекахметова.

Ақерке сабақты аптасына бір, рет демалыс күні өткізуді жоспарлауда. Оның айтуынша, бар болғаны топқа балаларды жинап, тіл үйретуді бастау ғана қалған. Осыған орай ресми түрде өтінім қабылдау жарияланды. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, тіл үйренгісі келетін балалар erkebek3103@gmail.com электрондық поштасына өтінім білдіруі тиіс.